Текст
Ұйымдар тізімі
09.01.2020
№ 1 Красный Яр орта мектебінің бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінде "ҚБ және ЖБ тапсырмаларына дескриптор құру жолдары" тақырында дөңгелек үстел өтті. Топтық тапсырмалар орындау барысында, мұғалімдер бағалау критерийлерін және дескрипторлар мен рубрика құру жолдарын тереңірек түсіне білді. Дөңгелек үстел қызықты және пайдалы болды.
09.01.2020
2020 жылдың 5 қаңтар күні қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдерімен коучинг өткізілді. Тақырыбы: "Дескрипторларды құрастырудың тиімді әдіс-тәсілдері" . Мақсаты: оқушының білім жетістігін бағалауда дескриптор құру мен пайдалана білуді тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру. Әріптестер арасында оқушы білімін нақты, жағымды бағалаудың нұсқаларымен тәжірибе алмасу болып табылды. Ұстаздар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Коучинг өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Жакупова Гүлмира Талғатқызы.
09.01.2020
Сіздерді Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа 2020 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін! Ізгі ниетпен, мектеп әкімшілігі!!!
27.12.2019
26 .12.2019 жылы Красный Яр N1орта мектебінің 0Б және 0В даярлық сыныптарында жаңа жылдық ертеңгіліктері өтті.Көкше мәдениет үйінің актерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған жаңа жылдық ертегіні сахналады.Одан әрі шырша мерекесі өз жалғасын Аяз Атамен Ақшақардың қатысуымен шыршаның жанында тапты.Әндер ,тақпақтар айтылды.Әр бала Аяз Атадан өз сыйлығын алды.Мерека өте көңілді өтіп ,бәрінің көңілінеп шықты
27.12.2019
Келді тағы жаңа жыл, Қуантуға біздерді, Құтты болсын қуаныш, Құттықтаймыз сіздерді! - дей келе бүгін біздің мектепте 7-8 сыныптарда жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті! Іс-шара өте көңілді, қызықты, сәтті өтті. Сіздерді әлемдегі ең ғажайып мейрам - Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!!!
27.12.2019
25 декабря учащиеся начальных классов Красноярской средней школы#1 побывали на прекрасном новогоднем представлении в Русском драматическом театре. Ребята посмотрели спектакль "Приключения Буратино", а затем, вместе с Дедом Морозом и Снегурочкой и другими сказочными героями повеселились у новогодней ёлки.
27.12.2019
Жаңа жыл -балалардың ең жақсы көретін мерекесі.Сондықтан орта буын оқушылары оған ертерек дайындалады.Солай 5-6 сынып оқушылары жаңажылдық шыршаға алдын-ала қамданды.Жеребе бойынша əр сынып кейіпкерді таңдады.Соған сəйкес костюм киіп,балалар өз өнерін көрсетті:би биледі,көрініс қойды.Қалыптасқан дəстүр бойынша,Аяз Ата сыйлықтарымен,кəмпиттерімен жас өспірімдердің көңілін көтерді.
23.12.2019
Мүгедектік 5 жылға белгіленетін аурулардың тізбесі бекітілді
https://www.enbek.gov.kz/kk/node/365423
23.12.2019
Бүгін 23.12 мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Гүлнар Асылбекқызын туған күнімен және зейнетке шығу мерейтойымен құттықтау іс-шарасы өтті. Ұжым мерейтой иесіне өз жылы лебіздерін білдіріп, ән - жырларын арнады.
22.12.2019
4 Б сынып оқушысы Решетникова Таисия "About myself" тақырыбында ағылшын тілі пәнінен II Республикалық эссе жазу сайысына қатысып, 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Искакова Қ.А. Осындай конкурсқа 8Б сынып оқушысы Шаполаев Батыржан қатысып, сертификат алды. Жетекшісі: Ушмугин Ю.А. Сайыстың мақсаты: ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықты арттыру. Қатысушылардың интеллектуалды ойлау қабілеттерін дамыту.

№ 1 Красный Яр орта мектебінің...