Ұйымдар тізімі

Құрметті әріптестер, мектебіміздің оқушылары мен түлектері, ата-аналар қауымы! Сіздер "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Мектебімізде болып жатқан маңызды оқиғалар мен жаңалықтарынан хабардар болып, оқу мен тәрбие үрдісін басқарудағы негізгі нормативтік - құқықтық актілері, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер жайында мағлұмат аласыздар. Әрқайсыңызбен қажетті ақпаратты бөлісіп отырамыз.
Бұл сайт мектебіміздің жұмысын ашық және айқын екендігін көрсету үшін, білім алушыларға оңтайлы жағдай жасау мақсатымен құрылды.
Ізгі құрметпен,
мектеп директоры
Ахметбеков Тлеукен Тайбагарович
08.04.2026
«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА 11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ сынып сағаты өткізілді. Өткізген: 11 "А" сынып жетекшісі Кереева Ш. К
/public/files/2026/4/8/080426_183151_whatsapp-video-2026-04-08-at-125134-1.mp4
07.04.2026
2025 жылғы Мемлекеттік қызмет туралы көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
/public/files/2026/4/7/070426_192953_kaz.pdf
01.04.2026
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
📢 2026-2027 оқужылына 1-сыныпқа қабылдаутуралымаңыздыақпаратпентанысыңыздар!
ҚР Оқу-ағартуминистрлігініңжаңанұсқаулығынасәйкес (2026 жылғы 30 наурыздағы
№ 2-20-6/2297-И хат), биыл құжаттарды қабылдау мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.
❗ Маңызды: Ақмола облысы (соның...
27.02.2026
Балаларды бір мектептен екінші мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау Қызметті онлайн алу тәртібі: Порталда авторизациядан өтіп, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасына өтіңіз. Өтінімді толтырып, оны ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы немесе смс-пароль көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет). Жеке cabinetіңізде («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысыңыз. Хабарлама көрсетілген уақыт ішінде жолданады. Портал арқылы жүгінген кезде қажетті құжаттар: Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші (баратын мектепке және шығатын мектепке).
26.02.2026
Анонс
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан...
20.02.2026
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2025жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі КрасныйЯр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Заңды мекенжайы: Красный Яр ауылы, Тәуелсіздік көшесі...
16.02.2026
06.02.206 жылы 7–8 сынып оқушылары арасында облыстық олимпиада өтті. География пәні бойынша III орын иеленген оқушымыз Қуандыков Бекжанды шын жүректен құттықтаймыз! Мұғалімі: Закревская О.В.
05.02.2026
Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында мектепішілік «Бастау» математикалық олимпиадасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ дарынды оқушыларды анықтау. Олимпиада барысында оқушылар өз білімдерін сынап, логикалық есептер мен қызықты тапсырмаларды орындады. Қатысушылар...
30.01.2026
Жалпы білім беретін мектептердегі жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды қамтамасыз ету Мемлекеттік органда қызметті алу үшін қажетті құжаттар: Өтініш. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет). Бала туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер «АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАТ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда) немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған балалар үшін. Неке қию немесе неке бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАТ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда) немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде рәсімделген құжаттар үшін. Статусты растайтын құжаттың көшірмесі: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары үшін – жергілікті атқарушы органдар беретін, қызмет алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары үшін – алынған табыстар туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы туралы анықтама, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстар, балаларға және басқа да асырауындағы тұлғаларға төленетін алимент түріндегі табыстар туралы мәліметтер). Отбасында тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – уәкілетті органның қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу немесе патронаттық тәрбиелеу туралы шешімі. Төтенше жағдайлар нәтижесінде жедел көмекке мұқтаж отбасылардың балалары және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі. Құжаттар түпнұсқа күйінде тексеру үшін ұсынылады, тексерілгеннен кейін түпнұсқалар қызмет алушыға қайтарылады.
07.10.2025
Көркем еңбек және музыка пәндері апталығы аясында 5,6, 7, 8, 9 сынып оқушыларының қолөнер шығармашылық көрмесі өтуде.

«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ...