7 «А» сыныбында педагог-психолог Кереева Ш.К. «Достық пен сыйластық: эмоцияларымызды басқара білейік!» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты — оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластықты қалыптастыру және эмоцияларды басқару дағдыларын дамыту. Іс-шара барысында оқушылар бір-бірін тыңдау, сезімдерін әдепті жеткізу, келіспеушіліктерді сабырмен шешу және өзара қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар орындады.