Текст
Ұйымдар тізімі
22.12.2019
Бүгін мектебіміздің бүлдіршіндері 《Ертегілер еліне саяхат》атты қалалық байқауға қатысты. Кішкентай өнерпаздарымыздың өнері жоғары бағаланып, ІІІ дəрежелі дипломмен марапатталды. Өнерлі шəкірттеріміз - біздің мақтанышымыз!!! Əрқашан биіктен көріне беріңіздер!!!
20.12.2019
Бүгін мектебіміздің оқушысы Козлова Карина 《Қайда жүрсең, атамекен көкейіңде жатады екен...》атты қалалық əн байқауында ІІІ жүлделі орынға ие болды. Карина қазақ тілін жетік меңгеріп қана қоймай қазақ əндерін орындау шебері. Өнерлі өрге жүзер дегендей биіктен көріне бер, Карина!!!
14.12.2019
Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
12.12.2019
12 желтоқсан күні 5-7 сынып оқушылары арасында тарих пәні апталығы аясында "Игра при столах" сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларды оқылатын пәнге тарту, отансүйгіштікке тәрбиелеу және командада жұмыс істей білу. Ойын жаңа форматта өтті оқушылар сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап берді, 5 Б сынып командасы 1 орынға ие болды, 6 В сынып командасы 2 орынға ие болды, 6 Г сынып командасы 3 орынға ие болды. Ойынды тарих мұғалімі Хамдиева Д. Н. өткізді.
12.12.2019
Желтоқсанның 12 жұлдызында Тәуелсіздік күніне арналған "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі-менің мақтанышым" тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен салтанатты саптүзеу өткізілді. Іс-шараның салтанатты бөлігін ашқан мектеп директоры Мугжанова А.Д оқушыларды мерекемен құттықтады. Желтоқсан оқиғасының куәгерлері мектеп ұстаздары Кульмира Зейнулиновна, Айгуль Ауталиповна өздерінің бастарынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Іс-шара соңында 9 А сынып оқушылары өздерінің дайындаған көріністерін көрсетіп, 8 Б мен 9А сынып оқушылары "Атамекен" әнімен аяқтады.
12.12.2019
12 күні Тәуелсіздік күніне арналған саптүзеу өтті. Өлең шумақтары оқылып, әр ұлттың биі биленді. 16 желтоқсан жайлы көп мағлұмат берілді.Өте жақсы дәрежеде өтті.
12.12.2019
10. 12.19 в рамках недели истории учитель Хамдиева Д. Н. Провела открытый урок в 7 "В" классе на тему НОД под руководством К.Касымова. Урок прошел на хорошем методическом уровне. С использованием новых пед. технологий и методов. Ученики активно принимали участия в обсуждении темы. Цели урока были достигнуты.10. 12.19 тарих апталығы аясында мұғалім Д. Н. Хамдеева 7 "В" сыныбында Қ. Қасымовтың жетекшілігімен НОД тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ жақсы әдістемелік деңгейде өтті. Жаңа пед. әдістері мен технологиялары. Оқушылар тақырыпты талқылауға белсенді қатысты. Сабақтың мақсатына қол жеткізілді.
09.12.2019
2019 жылғы 9 желтоқсан тарих пəні апталығының 《Алтын Орда жəне Тəуелсіз Қазақстан: мəдениет жəне дəстүр》тақырыбы аясында ашылу салтанаты өтті. Оқушылар тарих ғылымының маңызы туралы туындылар үзінділерімен бөлісті. Апталық жоспарымен таныстыру болды.
09.12.2019
Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне және Қазақсан Республикасының Тәуелсіздігінің 28-жылдық мерекесіне арналған Красный Яр аулдық округі әкімінің үстел тенисінен ауыспалы кубогі турнирінде 2 орын алғаны үшін нөмірі бір Красный Яр орта мектебі марапатталды.

Бүгін мектебіміздің...