“ Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының -1 жалпы орта білім беретін мектебі”КММ Қала деңгейіндегі «Әдеби кейіпкерлер шеруі» атты конкурс-фестивалінде 10 «А» сынып оқушысы Рыспамбет Фатима ІІ орынды иеленді. Фатима Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасындағы кейіпкер бейнесін сомдап, өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді.