Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Красный Яр ауылындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінде "Еңбегі адал жас өрен" жобасын іске асыру мақсатында.Біздің мектептің түлегі Жапаров Әлішер Красный Яр ауылының №1 жалпы білім беретін мектебін сәтті бітіріп, «Көпсалалы инновациялық колледжінде» аспаз мамандығын таңдап, оқуын жалғастырды. Жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан Әлішер өзінің саналы таңдауын жасады және бүгінде біздің мектеп асханасында тәжірибеден өтуде. Біз оның таңдаған ісінде дамуға және жетілдіруге деген ұмтылысын мақтан тұтамыз!