"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

««БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ» ЕНДІ EGOV MOBILE НЕГІЗІНДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ»

Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығымен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп Egov Mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы ақпарат» атты жаңа цифрлық құжатын іске қосты.  
«Білім туралы ақпаратты» Egov электрондық үкімет қосымшасы орнатылған смартфон арқылы электронды түрде пайдалануға болады. 
Барлық ақпарат Egov Mobile қосымшасының цифрлық құжаттарының «Отбасы» бөлімінде қолжетімді. Ол балабақшада, мектепте немесе колледжде оқу фактісін растайтын білім туралы ақпаратты көрсетеді. 
Білім туралы ақпаратта баланың тегі, аты, әкесінің аты, жеке идентификациялық нөмірі, туған күні, білім беру ұйымының атауы мен мекенжайы, жас тобы, сынып немесе тобы, сондай-ақ балабақшаға арналған топтың атауы, мектеп үшін сыныбы және колледж үшін топ коды сияқты деректерді көрсетеді. 
Енді ата-аналарға оқу орнынан қағаз түріндегі анықтама алудың қажеті жоқ, олар жеке куәлікке ұқсас Egov Mobile қосымшасынан білім туралы ақпаратты ұсынуы жеткілікті. 
Құрметті қызмет алушылар, 2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап оқу орнынан қағаз түріндегі анықтамаларды талап ету және алу тоқтатылады. 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Цифрландыру министрлігімен, «Талдау», «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, техникалық және кәсіптік білім туралы дипломдарды цифрлық форматта беру бойынша жұмысты атқарған. Оларда мобильді қосымшада қолжетімді екенін назарларыңызға саламыз.

Жаңартылған күні: 12.02.2024 12:11
Құрылған күні: 12.02.2024 12:13

Текст