“ Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының -1 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ Мектеп кітапханасында “Адал Азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша 4” А” сынып оқушыларының қатысуымен «Жазғы демалысты қалай өткіздің?» атты әңгіме өткізілді. Балалар өздерінің жазғы демалысы туралы қызыға айтып, саяхаттары, лагерьдегі күндері, достарымен кездесулері мен түрлі іс-шараларға қатысқандары жайлы әсерлерімен бөлісті. Оқушылар жаздың ең жарқын сәттерін еске алып, оқыған кітаптары мен демалыс кезінде үйренген жаңа нәрселерін айтты. Әңгіме жылы, достық жағдайда өтті.