Текст
Ұйымдар тізімі
05.03.2020
«Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері. Оқытудың формасы мен әдістерін таңдау қағидалары» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті.
2020 жылғы 4 наурызда мектебімізде ағылшын мұғалімдеріне арналған ««Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері. Оқытудың формасы мен әдістерін таңдау қағидалары» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті. Семинар бағдарламасына сәйкес бастауын, орта және жоғары буын...
05.03.2020
«Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері. Оқытудың формасы мен әдістерін таңдау қағидалары» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті.
2020 жылғы 4 наурызда мектебімізде ағылшын мұғалімдеріне арналған ««Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері. Оқытудың формасы мен әдістерін таңдау қағидалары» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті. Семинар бағдарламасына сәйкес бастауыш, орта және жоғары буын...
04.03.2020
КММ"Ақмола облысының мемлекеттік архиві" №1 Красный Яр орта мектебінде"Ақмола облысы архив құжаттарында " атты Ақмола облысының тарихы бойынша архивті құжаттар көрмесін ұсынды
03.03.2020
29 ақпан күні мектеп түлектерімен кездесу кеші өтті. Тарихы тереңде жатқан, бірнеше мыңдаған түлектер ұшырған мектебіміз осы кеште мектеп түлектері мен мұғалімдерін қауыштырды. Мерейтойлы жылғы түлектердің алғашқылары сонау 1978 жылдары, ал соңғылары 2010 жылы мектеп қабырғасын тəмəмдаған екен. Ұстаздар мен түлектер мектептегі өткізген ғажап күндерді еске түсіріп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Мектебіміздің ардагер ұстаздары қазіргі мектептің жағдайын көріп, мектеп басшысы мен ұжымға алғыстарын жаудырды. Кеш бағдарламасынан бірде бір мектеп бітірген түлек назардан тыс қалмады. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары өз өнерлерімен қонақтарды тəнті етті.
01.03.2020
Мектебіміздің еріктілер тобы 1-наурыз алғыс айту күніне өз алғыстарын жеткізді. Мақсаты: оқушыларды ризашылық, алғыс туралы түсінік беру, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайлық қарым қатынас дамыту. Əдептілікке, кішіпейілділікке ізеттілікке тәрбиелеу.
01.03.2020
Мектебіміздің "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" оқушыларының ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдығына арналған "Абай әлемі" тақырыбында әдеби -танымдық кеш өтті.Аталған іс-шара барысында сахыналық қойылым көрсетіліп,ән және өлеңдері айтылды.Сонымен қатар Абайдың қара сөздері мен аудармаларына да тоқталып өтті.
21.02.2020
21ақпан күні Ұлы Отан соғысының 75-жылдық жеңісіне арналған қалалық поэтикалық сайыс өтті. Бұл сайысқа 9"А" сынып оқышысы Бек Нурсауле қатысты. Әділ қазылар мүшелеріне Нурсауленің өлең оқуы қатты әсер етті. Олар бір дауыспен 1 орынды тағайындады. Нурсауле мен орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Усманова Г.Ж. жеңіспен құттықтаймыз.
21.02.2020
Бүгін мектебімізде Көкшетау қаласы білім беру ұйымдарының алғашқы əскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларының əдістемелік оқу семинары өтті. Семинар барысында тарих пəнінің мұғалімі А.Т.Карина Ұлы Жеңіс Күнінің 75 жылдығына арналған сыныптан тыс іс -шарасы ұсынылып, семинар қатысушыларының жоғары бағасына ие болды.
21.02.2020
Орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында 9 сынып оқушыларымен А. Грибоедовтың "Горе от ума" комедиясы бойынша диспут-сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізді және шығарма бойынша сыни пікір- көзқарастарын дәлелдей білді. Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырмаларды орындауда белсенділік көрсетті. Пән мұғалімі: Ахмедиева Н.Ш
19.02.2020
Бүгін орыс тілі мен əдебиеті апталығы аясында Усманова Г.Ж. Ұлы Отан соғысының 75-жылдық Жеңісіне арналған "Сол ұлы жылдарға тағзым етейік"атты поэтикалық сайыс жүргізді.Əр сайыс қатысушысы туған халқының зары мен мұңын, батырлығын жеткізіп, ерлігін үлгі тұтты.Керемет мəнерлеп оқуымен қоса əртістік қабілеттерлерін көрсете алған оқушылар Бек Нұрсəуле,9-сынып,Көпжасарова Динара,10-сынып,Крупельницкая Каринаға əділқазылар 1-орын берді.

«Оқытудың белсенді...