Текст
Ұйымдар тізімі
13.03.2020
Әбу Насыр Әл – Фарабидің 1150 жылдығына орай мектеп кітапханасында Шығыстың көрнекті ғылымы және ойшылының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдары бойынша тақырыптық сөре арнай отырып көрме ұйымдастырды.
12.03.2020
Бүгін мектепте Ақмола облысы Ішкі істер департаментіне қарасты мұражай қызметкерлерімен кездесу өтті. Оқушылар кездесу барысында мұрайжай туралы ақпарат алып, тарихи құндылықтар жайында сұхбатқа қатысты.
11.03.2020
Бүгін 《Үздік педагог-2020》мектепішілік байқауының ақтық кезеңі өтіп, байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық лабораториясын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды тарих пəнінің мұғалімі Оспанова Айтжамал Сидратовна, 2-орын ағылшын тілі пəнінің мұғалімі Шайхина Акбидай Кенжебаевна, 3-орынды қазақ тілі мен əдебиет пəнінің мұғалімі Мугжанова Жазира Сабыровна, бастауыш сынып мұғалімдері Сатымова Рымкуль Усербаевна мен Шокатова Шара Уразгалиевна иеленді. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
10.03.2020
Бүгін мектепте «Таза қолдар» акциясы өткізілді. Акция барысында медицина қызметкерлері балаларды қол жуу техникасымен таныстырды.
08.03.2020
Мектебіміздің ардагер ұзтазы Ольга Иосифовна облыс əкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевтың 8-наурыз Халықаралық əйелдер күнімен құттықтау салтанатына қатысты. Бұл биылғы Ұлы Жеңіске 75 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған салтанатты шарада еңбек ардаргерлері мен нəзік жанды аға ұрпақ өкілдеріне көрсетілген жоғары құрмет.
06.03.2020
Құрметті әріптестер!
05.03.2020
2020 жылғы 5 наурыз күні «Үздік педагог-2020» мектепішілік байқауының 2-ші кезеңі өтті. Байқауға қатысушы мұғалімдер Ережеге сәйкес кәсіби шеберліктерін алға ұсынып, понарама түрінде сабақ көрсетті.
Ағылшын тілінің мұғалімі Шайхина Акбидай Кенжебаевна 8 "А" сынып оқушыларымен "Travelling" тақырыбы бойынша сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Сұрақ қою арқылы оқушылардың диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын дамыту; Әр түрлі тапсырмалар...
05.03.2020
4-ші наурыз күні 5 сынып қыздар арасында 8 - ші наурызға арналған "Көктем аруы" атты сайыс өтті. Мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
05.03.2020
2020 жылғы 4 наурыз күні 《Үздік педагог-2020》мектепішілік байқауының 1-ші сырттай кезеңі өтті. Байқауға 5 мұғалім қатысып, комиссия мүшелеріне өз тəжірибелері бойынша портфолиолары мен 《Менің педагогикалық мамандығым》тақырыбында эссе жұмыстарын ұсынды. Барлық қатысушының жұмысы қаралып шықты. Үміткерлерге сəттілік тілейміз!!!
05.03.2020
Красный Яр 1орта мектебінде 8сыныптар арасында "Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына " арналған брейн- ринг өтті. Оқушылар іс- шараға қатыса отырып өздерінің Абай атамыз жайлы білімдерін тереңдетіп, шыңдай түсті. Брейн-ринг тапсырмаларын орындай отыра , оқушылар Абай атамыздың әр шығармасы бізді қоршаған ортамен, математика және физика пәндерімен тығыз байланыста екендіктеріне көздерін жеткізді.

Әбу Насыр Әл – Фарабидің 1150...