Текст
Ұйымдар тізімі
05.04.2020
Хабарландыру
01.04.2020
Құрметті ата-аналар! Төтенше жағдай тəртібіне сəйкес балалардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету сұралады. Балаларды ойын алаңдарына, сауда орындарына, адамдар көп жиналатын жерлерге жібермеу керектігін ескертеміз. Балалардың үйде отыруын қатаң бақылауда ұстаңыздар. Осы талаптар орындалмайтын жағдайда ата-аналар əкімшілік жауапқа тартылатын болады.
26.03.2020
2020 жылғы 26 наурызда қашықтықтан қосылу түрінде ұжым педагогтарының арасында әдістемелік кеңес отырысы өтті. Отырыс барсында бастауыш сынып мұғалімдері М.З.Баймуханова, А.Маней озық тәжірибе таратты, физика пәнінің мұғалімі Р.Б. Фахруденов және информатика пәнінің мұғалімі А.А. Утегенова «Үштілділік – жаңа ұрпақтың бірегейлігіне апаратын жол» тақырыбында баяндама жасады, сонымен қатар математика пәнінің мұғалімі А.Т.Амиржанова және орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі К.К.Дуйсенова өз сабақтарындағы қалыптастырушы бағалауды тиімді ұйымдастыру туралы тәжірибелерімен бөлісті. Отырыс соңында мектеп писхологтары оқушылардың сабақтағы психологиялық жайлылығын анықтау бойынша 4,5,10-сынып оқушыларының арасында өткізілген тест қорытындысын ұсынды.
25.03.2020
Құрметті жерлестер, əріптестер, ата-аналар мен оқушылар! Қазір еліміз бойынша төтенше жағдай жарияланып, індеттің таралуына тосқауыл болуы үшін жедел шаралар жасалуда. Бəрімізді бірлескен түрде осы қиын күндерді абыроймен өткеруге, сабырлық сақтауға, қауіпсіздік шараларын қатаң қадағалауға шақырамын. Ел болып біріксек, барлық ауыртпалықты жеңетінімізге сенімдімін. Өз қауіпсіздігіміз - өз қолымызда.
24.03.2020
Құрметті мектеп ұжымы, ата - аналар мен оқушылар!
19.03.2020
Онлайн сурет байқауы. Тақырыбы: "Таза қолдар-сенің қорғауың!"
19.03.2020
Онлайн сурет байқауы. Тақырыбы: Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл және Абай Құнанбаевтың175жыл
13.03.2020
Әбу Насыр Әл – Фарабидің 1150 жылдығына орай мектеп кітапханасында Шығыстың көрнекті ғылымы және ойшылының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдары бойынша тақырыптық сөре арнай отырып көрме ұйымдастырды.
12.03.2020
Бүгін мектепте Ақмола облысы Ішкі істер департаментіне қарасты мұражай қызметкерлерімен кездесу өтті. Оқушылар кездесу барысында мұрайжай туралы ақпарат алып, тарихи құндылықтар жайында сұхбатқа қатысты.
11.03.2020
Бүгін 《Үздік педагог-2020》мектепішілік байқауының ақтық кезеңі өтіп, байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық лабораториясын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды тарих пəнінің мұғалімі Оспанова Айтжамал Сидратовна, 2-орын ағылшын тілі пəнінің мұғалімі Шайхина Акбидай Кенжебаевна, 3-орынды қазақ тілі мен əдебиет пəнінің мұғалімі Мугжанова Жазира Сабыровна, бастауыш сынып мұғалімдері Сатымова Рымкуль Усербаевна мен Шокатова Шара Уразгалиевна иеленді. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Хабарландыру