Құрметті ата-аналар!
Сіздерді балаларыңыздың оқулықтарының сақталуына назар аударғаныңызды өтінемін.
Оқулықты жоғалтпау үшін әр оқушы қаламмен аты – жөнін жазу керек. Әр оқулықтың тысы болу қажет.
Оқулық қорын сақтау шаралары:
- Жинақтау, есепке алу, сақтау және алмастыру мектеп кітапханашының жауапкершілігінде.
- Әр сыныпта есепке алу мен сақталуын жүргізетін сынып жетекшісі мен кітапханашы.
- Әр оқулықтың сақталуына оқушы мен ата-ана жауапты.
- Оқулықты пайдалану мерзімі уақытында оны зақым мен кірден қорғайтын қатты мұқаба болуға тиіс.
- Оқулықта қарындашпен, қаламмен т.б.заттармен белгі жасауға тыйым салынады.
- Оқулықтың ішіне бөгде заттар: қалам,сызғыш, дәптер салуға және беттерін бүгуге, жұлуға тыйым салынады.
- Үйде оқулықтарды кішкентай балалар мен үй жануарлары жете алмайтын, от пен дымқылдан алыс, өздеріне арналған тиімді орындарда сақтау керек.
- Оқулықты кітапханадан алған кезде өте мұқият қарап алу керек. Олқылықтарды жоюға тырысу қажет. Егер оқулық жөндеуге жарамаса, кітапты айырбастауға беру керек.
Жылдың соңында шағымдар қабылданбайды және кінә оқушыға жүктеледі.
- Жөндеу тек ПВА, ПФ, желім қарындашпен, жабысқақ лентамен жасалады. Қағаз жұқа және ақ болу қажет. Сапасыз жөнделген оқулық қайта жөндеу үшін қайтарылады.
- Ата-аналар мен оқушылар жыл бойы барлық оқулықтарды тұтас, мұқабасын зақымдамай , барлық беттерін түгел , ет жазусыз сақтау керек!
- Оқулықты зақымдаған кезде ата-аналарға айыппұл салынады: орнына жаңа, бағасы тең оқулықты әкелу қажет.