Ұйымдар тізімі
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары үшін Жергілікті атқарушы органдар беретін, қызмет алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары үшін Алынған табыстар туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы туралы анықтама, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстар туралы анықтама, балаларға және басқа да асырауындағы тұлғаларға төленетін алимент түріндегі табыстар туралы мәліметтер). Отбасында тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін Отбасында тәрбиеленіп жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу, патронаттық тәрбиелеу жөніндегі уәкілетті органның шешімінің электрондық көшірмесі. Төтенше жағдайлар нәтижесінде жедел көмекке мұқтаж отбасылардың балалары және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін Отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімінің электрондық көшірмесі. Оқушының сауықтыру лагеріне баруы үшін қажетті медициналық анықтама «079/у» нысанындағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі.

Бүгін мектебімізде бастауыш...