"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2025жылға арналған есеп

20.02.2026

1. Жалпы ережелер

1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі КрасныйЯр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.

Заңды мекенжайы: Красный Яр ауылы, Тәуелсіздік көшесі 13.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2025 жылы ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарымен «Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» 469 қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

  • электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 95;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 374 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта – 0 мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар жоқ.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
  • «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
  • «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

         Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат мектептің ресми интернет-ресурсында https://sc0019.kokshetau.aqmoedu.kz/content/otchet-po-gosusluge-za-2024-god «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ, барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған.Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.

2025 жылы «Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулерөткізіліп, БАҚ және әлеуметтік желілерде мақала жарияланды. Ай сайын қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Красный Яр ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz.

2) Білім беру саласында 5 мемлекеттік қызметкер қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсын 5 қызметкер өтті.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

         Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

         5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

 

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст