Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында  адалдық сағаты өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара ZOOM-қосымшасы арқылы ұйымдастырылды. Оқушыларға бейнеролик, презентация көрсетілді. Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған адалдық сағатының мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру; адалдық, парасаттылық қағидаларын тәрбиелеу және мәдениет деңгейін арттыру болып табылады.