2023 жылдың 28 қыркүйегінде мектеп директоры Т.Ахметбековтың төрағалығымен, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қ.Г.Джумабекованың және оқушылардың ата-аналарының қатысуымен азық-түлік сапасын бақылау комиссиясының мүшелері мектеп асханасындағы азық-түліктің дайындалу барысын тексерді. Қоғамдық тамақтандыру үшін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, 4 апталық ас мәзірі жазылған.Буфет өнімдері жоғары сапалы және әрқашан жаңадан дайындалған. Асханада мектеп тамағының, құрал-жабдықтардың, ыдыс-аяқтардың, контейнерлердің, санитарлық жағдайдың және үй-жайларды күтіп ұстаудың ұйымдастырылуын санитарлық-техникалық қамтамасыз ету талаптары орындалады. Қоғамдық тамақтандыру және асхана орындары ретке келтірілген, таза. Үй-жайларда орнатылған барлық технологиялық және тоңазытқыш жабдықтары жақсы жағдайда.