"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ата-аналар ! "Красный Яр ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ оқушыларға қаржылай көмек көрсетуге ата-аналардан өтініштер қабылдайды

12.05.2026

Құрметті ата-аналар !

"Красный Яр ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ оқушыларға қаржылай көмек көрсетуге ата-аналардан өтініштер қабылдайды

 

Қаржылық көмекке арналған құжаттар тізбесі

АӘК АЛМАҒАН АТА- АНАЛАР ҮШІН:

 1)өтініш (мектепте толтырылады);

2) ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі

4) неке қию немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі / ата – анасының қайтыс болуы туралы куәлік/ 4-нысан / бұзылған жағдайда сот орындаушысынан алимент алу / алмау туралы анықтама беру;

 5)алынған кірістер туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер туралы анықтама);

6) Халық банкінің ағымдағы шоты туралы хабарлама

 

АӘК АЛАТЫН АТА -АНАЛАР ҮШІН:

1)өтініш (мектепте толтырылады);

2) ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі

4) көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама

5) Халық банкінің ағымдағы шоты туралы хабарлама

 

ҚАМҚОРШЫЛАР ҮШІН:

1)өтініш (мектепте толтырылады);

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі

3) қамқоршының жеке куәлігінің көшірмесі

4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

5) Халық банкінің ағымдағы шоты туралы хабарлама

 

Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары-отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі

 

Табыстар бойынша анықтамалар соңғы 6 айға беріледі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі-50851 теңге.

Мектептегі өтініш құжаттардың толық пакеті болған кезде толтырылады. (құжаттарды тексергеннен және ең төменгі күнкөріс деңгейін есептегеннен кейін)

 11-сынып түлектеріне қаржылық көмек көрсетілмейді.

 9-сынып түлектеріне қаржылық көмек 10-сыныпқа баратын оқушыларға ғана көрсетіледі

(10-сыныпқа өтініш болған жағдайда).

Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден  13.00-ге дейін

                                               14.00-ден  17.00-ге дейін

Просмотров: 7


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст