Мемлекет басшысының оқушыларды мектепте тегін тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында оқу жылының басынан бері әлеуметтік жағдайына қарамастан 405 оқушы бастауыш сынып оқушысына тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 130 оқушы 1-11 сыныптар жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтанады. Оқушыларды толық және сапалы тамақтанумен қамтамасыз ету үшін ыстық тамақтың (жаз-күз), (қыс – көктем) ұсынылатын маусымдық мәзірі бар. Оқушылардың тамақтану тәртібі күнделікті қадағаланады.