Текст
Ұйымдар тізімі
20.05.2025
«Қорытынды аттестаттау мен ұлттық біріңғай тестілеуді сәтті тапсыру үшін психологиялық қолдау» - профилактикалық жұмыс жоспары бойынша мектебімізде педагог – психолог Кереева Ш. К 9 – 11 сынып оқушыларына «Емтиханға қалай дайындалу керек», «Емтихан кезінде өзін қалай ұстау керек» - Тақырыбына шағын дәрістер өткізді.
15.05.2025
15.05.25ж. мектебіміздің педагог – психологы Ш.Кереева және сынып жетекші Г. Кажиахметова Халықаралық отбасы күніне орай «Мен және менің отбасым» тақырыбына 10 "А" сыныбында тренинг элементімен сынып сағатын өткізді. Оқушылар белсенді қатысты
/public/files/2025/5/15/150525_170509_whatsapp-video-2025-05-15-at-155750.mp4
13.05.2025
13.05.25ж. мектебіміздің педагог – психологы Ш.Кереева және медбике қызметкері А.Ережепова Халықаралық отбасы күніне орай «Өз денсаулығыңа жауапты бол!» (Репродуктивты денсаулық) тақырыбына 6 сыныптар арасында әңгіме жүргізді. Репродуктивті денсаулық – бұл жай ғана дене емес, тұлғаның болашағы. – Әрқайсысың – қайталанбас, ерекше тұлға. Өз денеңе дұрыс қарап, оны сыйласаң, болашақта мықты, дені сау азамат болатыны туралы айтылды, пайдалы кеңестер айтылды.
/public/files/2025/5/13/130525_175409_whatsapp-video-2025-05-13-at-163848.mp4
23.04.2025
«Бүкіл әлемдік аутизм айлығы» аясында 2025 жылдың 22 сәуір күні инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибе бөлісу мақсатында педагогтарға арналған шеберлік сабағы өтті. Шебер сағат барысында ерекше қабілеті бар балалармен жеке топтық жұмыс жасау жүйесін түсіндіріп өтті.
23.04.2025
«Бүкіл әлемдік аутизм айлығы» аясында 3 «Г» сыныбында «Сөйлемнің басты мүшелері. Сөйлем мүшелеріне қойылатын сұрақтар. Қазақстанның су айдындары.» тақырыбына орыс тілі пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар жаңа мәліметтермен танысты. Өткізген: сынып жетекшісі Д.И. Хамит
23.04.2025
«Бүкіл әлемдік аутизм айлығы» аясында 4 «Е» сыныбында «Егер мен сиқыршы болсам» тақырыбына сөйлеу қабілетін дамыту ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып отырды. Өткізген: сынып жетекшісі Г.Е. Ташмагамбетова
01.04.2025
31.03.2025 ж. Әдістемелік отырыста мектебіміздің педагог – психологы Ш.Кереева «Өз ойыны» атты интеллектуалды ойын өткізді. Ойын барысында ұстаздар 4 бағыт бойынша жұмыс жасады. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, әлеуметтік саласы, психологиялық ситуациялар және жасөспірім (қиың) шақ бағыттары бойынша сұрақтар талқыланды. Ұстаздар интеллектуалды ойынға белсенді қатысты.
/public/files/2025/4/1/010425_155430_img4637.MOV
01.04.2025
Бірінші сыныпқа құжаттарды баланың ата-аналарынан және заңды өкілдерінен қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін «Egov.kz электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мектептер бірінші сыныпқа балаларды алты жастан және 2025 жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды қабылдайды. Мектептерге қызмет көрсету аумағы бекітілген. Мектеп қабылдау кезінде дайындық деңгейіне қарамастан, қызмет көрсету аумағында тұратын барлық...
01.04.2025
Сап түзеуде мектептебіміздің педагог-психологтары Ш. К. Кереева, М. М. Шабанова, К. М. Сейпетденова көктемгі демалыс кезіндегі балаларға психологиялық қолдау көрсету туралы ақпарат берді. Психологиялық көмек әрдайым қолжетімді! Балалар кез келген уақытта психологтарға WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, сондай-ақ "111" сенім телефонына немесе Ақмола облысы білім басқармасының "Психологиялық қолдау орталығының" КММ сенім телефондарына қоңырау шала алады ☎️.
26.03.2025
Көктемдегі демалыс кезіндегі балаларға арналған қауіпсіздік ересі. Мектептің әлеуметтік- психологиялық қызметі

«Қорытынды аттестаттау мен...