"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы білім беретін мектептердегі жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды қамтамасыз ету Мемлекеттік органда қызметті алу үшін қажетті құжаттар: Өтініш. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет). Бала туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер «АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАТ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда) немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған балалар үшін. Неке қию немесе неке бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАТ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда) немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде рәсімделген құжаттар үшін. Статусты растайтын құжаттың көшірмесі: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары үшін – жергілікті атқарушы органдар беретін, қызмет алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары үшін – алынған табыстар туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы туралы анықтама, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстар, балаларға және басқа да асырауындағы тұлғаларға төленетін алимент түріндегі табыстар туралы мәліметтер). Отбасында тұратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – уәкілетті органның қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу немесе патронаттық тәрбиелеу туралы шешімі. Төтенше жағдайлар нәтижесінде жедел көмекке мұқтаж отбасылардың балалары және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі. Құжаттар түпнұсқа күйінде тексеру үшін ұсынылады, тексерілгеннен кейін түпнұсқалар қызмет алушыға қайтарылады.

30.01.2026

Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст