Текст
Ұйымдар тізімі
22.09.2025
Тіл – халықтың жаны, тарихы мен мәдениетінің айнасы. Әр ұлттың тілі – сол халықтың рухани қазынасы. Тіл арқылы біз бір-бірімізді түсінеміз, татулықты нығайтамыз. «Тіл – достық көпірі» челленджінің мақсаты – тілді құрметтеу, ұлттар арасындағы достық пен бірлікті дәріптеу.
/public/files/2025/9/22/220925_182902_whatsapp-video-2025-09-22-at-180630.mp4
11.09.2025
Шапшаң қимылдар, түнгі торуылдар, жойқын соққылар – мұның бәрі арнайы жасақ жауынгерлерінің күнделікті тіршілігі.
/public/files/2025/9/23/230925_104001_whatsapp-video-2025-09-22-at-181925.mp4
10.09.2025
Семья - это команда! Сегодня наши дружные семьи показали ловкость, быстроту, смекалку на празднике "Папа, мама, я - спортивная семья". Дети и родители с азартом проходили эстафеты , поддерживая друг друга, создавая атмосферу настоящего семейного праздника.
/public/files/2025/9/22/220925_184257_whatsapp-video-2025-09-22-at-181751.mp4
09.09.2025
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының #1 жалпы орта білім беретін мектебі. Абайдың 180 жылдығына арналған «Тоғызқұмалақ күні». 9 қыркүйек күні мектебімізде ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Тоғызқұмалақ күні» ұйымдастырылды. Шара аясында оқушылар арасында ұлттық зияткерлік ойын тоғызқұмалақтан сайыс өткізіліп, қатысушылар өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен тапқырлығын көрсетті. Жарыс достық атмосферада өтіп, жеңімпаздар мектеп әкімшілігінің алғыс хаттарымен марапатталды.Ұлттық мұрамызды дәріптеген бұл шара оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
/public/files/2025/9/22/220925_184123_whatsapp-video-2025-09-22-at-181628.mp4
09.09.2025
«Красный Яр №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 9 қыркүйегінде сағат 12:00-де өрт қауіпсіздігі дабылы кезіндегі іс-қимыл бойынша төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында оқу-жаттығулар өткізілді.»
/public/files/2025/9/22/220925_183904_whatsapp-video-2025-09-22-at-181353-1.mp4
01.09.2025
Красный Яр ауылының #1 жалпы орта білім беретін мектебінде "Мектебім - мейірім мекені" атты алғашқы қоңырау жиыны өтті
/public/files/2025/9/22/220925_182641_whatsapp-video-2025-09-22-at-180555.mp4
22.05.2025
Бүгін 11-сынып оқушыларымен «Жеке тұлға құндылығы» тақырыбында тренинг өтті. Тренингті педагог-психолог Шабанова М.М. жүргізді. Оқушылар шарлармен жаттығулар, арт-терапиялық әдістер мен метафоралар арқылы өз эмоцияларын тануға, күйзелісті жеңуге, алдағы емтихандарға психологиялық тұрғыдан дайын болуға үйренді.
/public/files/2025/5/22/220525_173131_whatsapp-video-2025-05-22-at-155746.mp4
21.05.2025
«Қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсыру үшін психологиялық қолдау» тақырыбындағы профилактикалық жұмыс жоспары аясында мектебімізде педагог-психолог Шабанова М.М. 9–11 сынып оқушыларымен ақпараттық кездесулер өткізді. Кездесулердің тақырыптары: – «Емтиханға қалай дайындалу керек» – «Емтихан кезінде өзін қалай ұстау керек» Сұхбаттар барысында дайындықтың негізгі аспектілері қарастырылды: уақытты басқару, күн тәртібі, эмоциялық өзін-өзі реттеу және күйзелісті төмендету әдістері. Сонымен қатар, оқушылар емтихан күні мен емтихан барысында өзін-өзі ұстауға қатысты практикалық ұсыныстар алды. Мұндай іс-шаралар жоғары сынып оқушыларының өз күшіне деген сенімін қалыптастыруға және қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ны психологиялық тұрғыдан жайлы жағдайда тапсыруға мүмкіндік береді.
21.05.2025
2025 жылғы 21 мамыр 9-Г сыныбы Педагог-психолог: Шабанова М.М. Сабақтың тақырыбы: «Жекеліктің құндылығы» Бүгін 9-Г сынып оқушыларымен «Жекеліктің құндылығы» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында өзін-өзі тану, өзін және өзгелерді қабылдау, сондай-ақ күйзеліске төзімділікті қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Ерекше назар психологиялық әл-ауқатты сақтау мен айналадағылармен тиімді қарым-қатынас жасау үшін маңызды ресурс ретінде өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға аударылды. Сабақ жасөспірімдердің өз құндылығын, бірегейлігін және әр адамның маңыздылығын түсінуіне ықпал етті.
/public/files/2025/5/21/210525_175533_whatsapp-video-2025-05-21-at-154710.mp4
20.05.2025
«Қорытынды аттестаттау мен ұлттық біріңғай тестілеуді сәтті тапсыру үшін психологиялық қолдау» - профилактикалық жұмыс жоспары бойынша педагог – психолог Кереева Ш.К. 9 "Ә" сыныбында «Тұлғаның құндылығы» - тақырыбына тренинг өткізді. Мақсаты: стресстік жағдайларда өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту.
/public/files/2025/5/20/200525_172343_whatsapp-video-2025-05-20-at-131241.mp4

Тіл – халықтың жаны, тарихы мен...