"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мен Мугжанова Алтынай Даулетовна, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты Қазақстан халқына жасаған Үндеуі бойынша өз ойыммен бөліспекпін. Қазіргі уақытта әлемге таралған індет бірталай мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік және денсаулық салаларына елеулі нұқсан келтіріп қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіріп тұрғаны белгілі . Осыған орай еліміздегі төтенше жағдай бойынша ҚР Тұңғыш Елбасы Қазақстан халқына Үндеу жасады. Тұңғыш Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында еліміз өркендеп, бейбіт әрі бақытты күндерге жеттік. Барлық қиын кездерді абыроймен жеңіп, алдын ала стратегиялық бағыт-бағдар таңдап, оңтайлы шешімдер қабылдап, еліміздің басынан өткен дағдарыстарды мейлінше ауыртпашылықсыз болуын қамтамасыз етті. Ендігі кезекте де халқымызға төнген қауіп-қатердің, тұтқиылдан келген індетпен күресте, жасалып жатқан қауіпсіздік шаралары бойынша өз ойымен бөлісіп, халқымызды сабырлыққа, бірлікке және байсалды болуға шақырады. Тұңғыш Елбасы өз үндеуінде Қазақстанның қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кіріскенін басып айтты. Жаһандық заман талабына сай барлық мемлекеттер бірлесіп, осы індетке қарсы күрес жүргізіп жатқанымызды мәлімдеді. «Өмірдің өзі, дәл бүгінгі қалыптасқан жағдай біз ұстанған бірігу мен бірлесуге негізделген саясаттың бірден-бір дұрыс жол екендігіне көзімізді жеткізіп отыр. Жаһан жұртшылығын әбігерге салған пандемия бүкіл әлемде жаңа экономикалық дағдарыс туғызды. Алып кәсіпорындардың жұмысы тоқтады, көлік атаулының қозғалысы шектелді. Мұнайдың бағасы құлдырады. Ел мен ел арасындағы шекаралар жабылып, алыс-беріс тыйылды. Мұның бәрі бұрын-соңды болмаған аса ауқымды рецессияға әкеліп соқтырып, жұмыссыздықты көбейтіп отыр» дей келе, экономикалық дағдарысты еңсеру үшін жасалатын қадамдар туралы тоқталып өтті. Бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар екендігін, ел ішіне үрей таратып, байбалам салушылар өз мүддесіне пайдалануға тырысатындығын ескертті және әртүрлі сондай азғырынды, арзан әңгімелерге еруден сақ болуға шақырды.

10.04.2020
Просмотров: 304


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст