"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ сыныптарына орыс тілі үйірмесі

17.07.2017

03.07- 14.07.2017ж аралығында №1 КОМ  жазғы тілді мектеп аясында қазақ тiлiнде оқытатын сыныптарда орыс тілі үйірмесі өтті. Үйірмеге 5-6 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушылар орыс тілін емін-еркін үйрену (қазақ тілінде оқытылатын) және  лексикасын толықтыру,

коммуникациялық дағдыларын жақсарту.Үйірме жұмысы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға ғана емес, сондай-ақ жеке әрбір қатысушының қабілетін,  бейімін анықтауға мүмкіндік жасау. Әртүрлі ойындармен  білім мен ұжымшылдық қабілеттерін арттыру. Алғашқы күні үйірме жұмысы таныстырумен басталды, онда әр түрлі жастағы, әр түрлі сыныптан әр түрлі оқушылар болды. Оқушылар өздері туралы, ұнататын істерін және ана тілімен қатар ооыс тілін үйренгілері келетіндерін айтты. Олар үлкен қызығушылықпен шашылып қойылған

мақал-мәтелдерді жинап, олардан сөйлем құрастырды. Сабақтың соңында оқушылар өз-өз жұмыстарын бағалады. Екінші сабақ үстел ойынына арналды. Бұл ойынның танымалдылығына1000жылдан астам уақыт болды.балалар бұл ойынның тарихын және шахмат, билярд, теннис, лото ойындарының ережелерімен танысты. Осыдан кейін әр команда шашки ойынын ойнады. Оқушылар орыс халқының әртүрлі ойындарымен, әндерімен танысуға үлкен қызығушылық танытты. Оқушылар өздерін орыс тілінде таныстырдыжәне бір- біріне жақсы тілектер тіледі. Әр команда орыс тілінде ұран қойды. Балалардың мультфильм мен киноны қызыға тамашалайтынын барлығымыз жақсы білеміз. Ондағы кейіпкерлер балаларды әр қырынан танытуға, айналаға деген көзқарасын кеңейтуге, жауыздық пен әділеттілікті, жақсы мен

жаманды айыра білуге жәрдемдеседі. Осындай сөздермен сабағымызды орыс киноларына арнадық. Бұл мерекенің мақсаты- мультфильм мен кино туралы білімдерін қорытындылау. Тапсырма оқушылардың советтік және ресейлік мультфильм мен кино туралы ой-қиялын кеңейту, назарын аударту, қызығушылығын арттыру. Оқушылар тілін жаттықтыруға арналған әртүрлі тақырыптағы көлемді видеолар

көрсетілді. Оқытушы мен оқушылар әртүрлі драмалық образдар арқылы шығармашылық атмосфера жасады. Оқушылар орыс халқының әндерін орындап, жақсы көңіл-күйде болды. Алдын-ала дайындалған оқушылар орыс халқының әндерінің жанры мен ерекшеліктерін сөз етті. Ойын құралдарын пайдалана отырып, «Во поле береза стояла» әнін жаттады. Ертегіні үлкендер де, кішілер де жақсы көреді, сондықтан

орыс халқының ертегілеріне арналған сабағымыз жеңіл және қызықты өтті. Оқушылар «Собери героев сказки, назови сказку, расскажи» атты шағын жоба қорғады. Сүйікті ертегілеріне қойылым қойды. Соңында оқушылар кез-келген ертегі жақсылыққа, шындық пен ар-намыс үшін күреске үйретеді деген қорытынды жасады. Ой мен ойлауды дамытатын интеллектуалдық ойындар. Мақсаты: «Орыс тілін уйрен» оқушылардың лексикология, морфология, пунктуация туралы білімін тереңдету.балалар барлық берілген тапсырмаларды сәтті орындады. Әсіресе, пунктуациялық белгілерді өткенде, оқушылар әртістік таланттарын ортаға салды. Сөйлемде кездесетін тыныс

белгілерін қайталады. «Менің сүйікті өлеңім» атты конкурста барлық оқушылар бірігіп, қалаған өлең шумақтарымен бөлісті. Бұл конкурс тыңдаушылар мен айтушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Қазіргі мектеп оқушыларының басты проблемасы – компьютерге әуестену. Көп оқушылар спортпен айналысуды қойды. Өмір салтын сақтау мақсатында «Маған ұнайтын спорт түрі» атты сабақ өтті. Оқушылар спорт түрлері бойынша көптеген мәліметтер алды. Бір- біріне спорттың футбол, бокс, шахмат, теннис, жүзу түрлері туралы ойларымен бөлісті. Сабақтың соңында осы тақырыпқа шағын эссе жазды. Орыс тілі  үйірмесі көзді ашып-жұмғанша өте шықты. «Өкінішке орай, бұл күнде келіп жетті, Қалай біз қоштасамыз?» деп жүргізуші маусымның жабылу салтанатын бастады. Ең белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздары мен алғыс хатпен марапатталды. Жазғы тілдік мектебі негізгі тапсырмасын орындады  – әртүрлі жастағы балалармен жұмыс жасау барысында, олардың тілдік деңгейін, мәдениетін арттыру, көптілділікті нығайту, тілді уйрену барысында, бір-бірімен достық қарым*қатынаста болу. Бастысы, оқушылардың бойында өздеріне деген сенімділік пайда болып, ойлаған жоспарлары мен армандарын іске асыруға мүмкіндік бар екеніне сенімді болды.

Просмотров: 538


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст