Мектеп жоспарына сәйкес 1-сыныптың педагогикалық консилиумы өткізілді. 1-сыныптың сынып жетекшілері Сатымова Р.У., Джумагалиева С.К., Тулегенова Б.Е., Шокатова Ш.О., Бектенова А.С. өз сыныптарына толық сипаттама беріп, туындаған мәселелерді белгіледі, олардың шешу жолдарын ұсынды. Педагог-психологтар К. М. Сейпетденова, ш.К. Кереева бірінші сынып оқушыларының мектеп өмірінің жаңа жағдайларына бейімделу қорытындылары туралы анықтама ұсынды. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне ұсыныстар берілді.