Текст
Тәуелсіздік мерекесіне орай №1 Красный Яр орта мектебінде 15 желтоқсан күні «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткен болатын. Осы салтанатты жиынға мектебіміздің ардақты ардагерлері Бағдат Жанабілқызы және Балжігіт Тасболатқызы шақырылды. Ұстаздар оқушыларға өз тілектерін білдіріп төс белгі мен галстуктарын таққан болатын. Кейін мектеп басшысы Алтынай Дәулетқызы оқушыларға құттықтау сөзін айтып, алдағы уақытта балаларға сәттілік пен мол табыс тіледі.