Мемлекеттік емтиханға дайындық кезінде оқушылардың бойында әрдайым психологиялық стресс болады. Бұл жағдайда адам ағзасында стресстің болуы қалыпты реакция. Осы стрессті жеңу, психолгиялық-эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп отырады. Осыған орай мектебімізде 2023 жылдың 24 мамыр күні мектеп медбикесі Ережепова А.А мен педагог – психолог Кереева Ш.К бірлесіп 9–11 сынып оқушыларына «Емтиханға дайындық кезінде» тақырыбына кеңестер берді.