Биология, география және химия пәндерінен апталық.
2018 жылдың қаңтар айының 29-нан ақпанның 2 аралығында Красный Яр №1 орта мектебінде биология, география және химия пәндерінен апталық өтті.
Мақсаты: География, биология және химия пәндеріне деген қызығушылықтарын және дүниетанымдарын дамыту, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Апталықта келесі іс – шаралар өткізілді:
29.01.18 Биология, география және химия пәндерінің мұғалімдері Мукашева А.Б., Хайдарова Г.М., Лаврик С.Н., Оспанова А.С., Карапина Б.Т., Джакупова А.С., Жирнов Л.Н.,
Зейнуллина Г.Е. апталықтың ашылу салтанатын өткізді.
Химия пәнінің мұғалімі Жирнова Л.Н. 10 Б сыныбымен «Решение экспериментальных задач по теме «Металлы главных подгрупп»» атты тақырыбында практикалық сабақ өткізді. Сабақта оқушылра белсене қатысып, өз білімдерін көрсете алды.
Зейнуллина Гульнара Есламбековна химия пәнінен 9 Ә сынып оқушыларымен «Темірдің маңызды қосылыстары. Темір қосылыстарының генетикалық байланысы» атты тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ қызықты да, әсерлі өтті. Оқушылар белсене қатысып, өздерін жақсы жақтарынан көрсете білді.
География пәнінің мұғалімі Оспанова А.С. 5 «Ә» сыныбында «Тірі ағзаларды микроскопиялық зерттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Ыстық орындық» стратегиясына байланысты үй жұмысы тексерілді. Оқушылар топпен, ұжымдасып, ұйымшылдықпен бірлесе жұмыс істеді. Сабақ барысында презентациялар, көрнекіліктер, карталар, әр түрлі тапсырмалар қолданылды.Биология пәнінің мұғалімі Мукашева А.Б. 10 А сыныбымен «Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтануының ерекшеліктері» атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қызықты, әсерлі өтті. Оқушылар алған білімдерін көрсете білді.
Биология пәнінің мұғалімі Хайдарова Г.М. 8 «В» сыныбында «Работа сердца» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, қызыға жұмыс жасады.
Биология пәні мұғалімі Карапина Б.Т. 8 «А» сыныбында «Жүрек. Иммунитет. Қан топтары» тақырыбында сыныптан тыс іс - шара өткізді. Сабақта тапсырмалар орындалып, видео көрсетіліп, презентация қойылып, сұрақтарға жауап арқылы өткен сабақтарды меңгерді. Мұғалім алдына қойған мақсатына жетті.
Джакупова Айнур Сайдарқызы химия пәнінен 7 Ә сынып оқушыларымен «Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі» атты тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ қызықты да, әсерлі өтті. Оқушылар белсене қатысып, өздерін жақсы жақтарынан көрсете білді.
Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Белсене қатысқан сыныптар мен оқушылар арнайы грамоталармен марапатталды.