Текст
Сабақтың мақсаты сызықтық бағдарламаларды құру үшін Python тілінде өрнектерді құру ережелерін пайдалануды үйрену болды. Сабақта заманауи АКТ құралдары қолданылды: answergarden.ch (миға шабуыл), Thinglink.com интерактивті постері (сабақ материалдарын орналастыру үшін), Google form (оқытуды қалыптастырушы бағалау), Padlet.com электронды тақтасы (сабақ рефлексиясы). Сабақта балалар программалау тілінде арифметикалық өрнектерді жазуды және бағдарлама жазуды үйренді, бағдарламалау ортасында жұмыс жасады.