2019 жылдың 28 ақпан күні мектебімізде қалалық педагог- психологтардың семинары өтті. Осы семинарды педагог – психологтар К.М. Сейпетденова мен Ш.Қ.Кереева жоспарлап өткізді. Қала мектептерінің 25 педагог-психологтары белсенді қатысты.
Тақырыбы: "Эмоция әлемі".
Мақсаты:
развитие мотивации позитивным изменениям личности; развитие умение выражать свои эмоции и принимать эмоции окружающих
Семинар бағдарламасы:
1. Директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Г.Ж.Усманова семинарымызды ашты.
2. "Эмоция және сезім" атты баяндаманы №3 КМСШГ педагог - психологы А.Д.Турсумбаева оқыды.
3. 1 сынып оқушыларымен "Өзімді басқаруға үйренемін" тақырыбында №1 КОМ педагог - психологы К.М.Сейпетденова сабақ өткізді.
4. Семинар қатысушыларымен №1 КОМ педагог-психологы Ш.Қ.Кереева "Эмоция әлемі" атты тренинг сабағын өткізді.
5. Педагог-психологтардың ҚӘЖ Понятова О.М. семинар бойынша қорытынды жасады және әр түрлі сұрақтар талқыланды.