Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын әлемнің 30-дан астам елінде атап өтіледі және ең көне халықаралық мерекелердің бірі болып табылады. Оны өткізу туралы шешім 1925 жылы Женевада балалардың әл-ауқаты мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданды. Балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы әлемнің 51 елінде өткізілді. БҰҰ бұл бастаманы қолдап, балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі деп жариялады. Балаларды қорғау күнінің басты мақсаты-қоғамның назарын балалардың нақты проблемаларына аудару. Бұл идея мерекенің атауында тікелей бар. Балалардың барлық құқықтары мен бостандықтары 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары декларациясында көрсетілген. Ол балалардың тәрбиелеу, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, дене бітімі мен рухани дамуы саласындағы тең құқықтарын жариялайды.