Мектеп кітапханасы туралы ақпарат
№1 Красный Яр орта мектебінің кітапханасы 1977 жылы ең алғашқы инвентарлық кітап ашып жұмыс жасай бастады.
Кітапхананың жалпы кітап қоры бүгінгі күні 29763 дананы құрайды. Оның 22738 данасы оқулықтар.
Кітапхана штаты – 2 қызметкер
Ташмағанбетова Аида Дәулетбекқызы кітапхана меңгерушісі. Білімі арнайы орта. Оқу орны Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі. Бітірген жылы 2012. Кітапханада жұмыс өтілі: 4 жыл.
Хажымұхан Жанаргүл кітапханашы. Білімі жоғары. Оқу орны Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. Бітірген жылы 2013. Кітапханада жұмыс өтілі: 9 жыл.
Кітапхананың жалпы ауданы 60 м2 құрайды. Оқу залы мен абонемент біріктірілген түрде орналасқан. Кітапханада кітаптар мен оқулықтар сақталатын 2 қосымша бөлме қарастырылған. Оқу залы 15 орындық.
Мектеп кітапханасы – оқушылар мен ата-аналарға, мектеп ұжымына арналған мәдени және рухани орталық болып табылады. Мектеп кітапхана қорында оқулықтар, классикалық көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдар жинақталған.
Мектеп кітапханасы – мектептің құрамды бір бөлігі. Ол оқушылардың дүниетанымын жан-жақты дамытуға көмектеседі, бағыттайды, оқу-тәрбие жұмысына белсене араласуына ықпал жасайды. Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, олардың оқуға деген талғамын қанағаттандырып отырады. Кітап оқуға құштарлығы бар оқушылардың жаңа ұжымын құрайды. Жан-жақты тәрбие жұмысын мектеп педогогикалық ұжымымен біріге отырып оқырмандардың қоғамдық белсенділігін, шығармашылық дербестігін қалыптастырады. Кітапхана балалардың қоғамдық істеріне көмектесіп отырады.
Кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттары:
Мектеп кітапханасының алдында тұрған басты мақсаттарының бірі оқушылардың оқу дағдысына қалыптастыруға ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары, шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлері:
Кітапхана жұмысының негізгі міндеттері
Мектеп кітапханасының өзіне тән ерекшелігі болады. Біріншіден, ол кітапханалық норма мен ереже, екіншіден, қазіргі заманға сай мектептің оқу-тәрбие процесінің сұранысына толық жауап беруге тиісті.
Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстармен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген түрлі шаралар өткізіліп отырады көрмелер ұйымдастырылады. Біздің мақсатымыз –мұндай шараларды жалпы оқырмандар сусындайтындай, ой-пікір туғызатындай етіп өткізу, кітапхананы шынайы мәдениет ошағына айналдыру.Кітапхана оқырманның жеке басының дамуын, қызығушылығын арттыруды көздейді. Оқырманның оқуға деген сұранысы қанағаттандырылып, әрі қарай оқуына жетекшілік ететін – кітапханашы.
Негізгі міндет – әрбір оқушы өзінің керек кітабын тауып, жағымды ортада өз бетімен білімін жетілдіруге және өзіндік тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасау. Сонымен қатар құнды кітап қорын пайдалана отырып, оқушыларды жаман ортаның әсерінен, қылмыстан, есірткіден бойларын аулақ ұстауға үйрету. Оқушыларды кітапты сүйе білуге, оқу мәдениетіне, тарихи, өнегелі және патриоттық әдебиетпен қатынасын арттыру.
Кітапхана — дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап — білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
Кітап адам баласының бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырып, рухани жан-жақты дамып жетілуіне әсер етеді. Кітапхана – осы оқу орнында білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың орны.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім мен білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Білімді болу үшін рухани жан дүниеңіз бай, оған қоса адамгершілік, ар-ұят, кішіпейілділік, ізгілік, қайырымдылық қасиеттер болуы керек. Осындай ізгі қасиеттерді, рухани байлықты, сөз өнерін біз оқырмандарға кітап арқылы насихаттаймыз.
Мектеп кітапханасының нормативтік құжаттары:
|
Есеп беру құжаттары
|
Кітапхана ережелерінен үзінді
|
Көпшілік жұмыс
|
Көрмелер бойынша жұмыс
№1 Красный Яр орта мектебі кітапханасы сіздерді шақырады. Келіңіздер! Сіздерді күтеміз! |