Красный Яр ауылының №1 ЖОББ мектебінде 25 ақпан күні ағылшын тілі апталығының жабылуы салтанатты түрде өтті. Жабылу салтанаты барысында мектеп оқушыларына апталық аясында түсірілген "Snow white and seven dwarfs" ертегісі көрсетілді. Апталық барысында оқушылар өткізілген іс-шараларға қызығушылықпен қатысты. Белсенділік танытып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсеткен оқушыларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді.