Мамандық- адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін білім мен практиканың жиынтығы. Мамандық таңдау- жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Мектебіміздің педагог психологы Ш.К. Кереева және кәсіптік бағдар беруші А.Н Байтенова бірлесе отырып 9 "Б" сыныбында "Мен мамандықтар әлеміндемін" тақырыбына тренинг өлеметтерімен сабақ өткізді. Сабақ барысында проективті әдістер арқылы оқушылар өздерінің мамандыққа деген қызығушылықтарын анықтады.