2023 жылғы 31 қаңтарда Астана медицина университетінің Көкшетау қаласының орта білім беру мектептерінің және "Красный Яр ауылының № 1 ЖОББ мектебінің" КММ оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуді деканның орынбасары Нұрхан Бақшағұл Кәрібайқызы ұйымдастырып, университеттің артықшылықтарын, жоғары оқу орнына түсу кезеңдерін атап өтті. Балаларға студенттердің өмірі туралы бейнеролик көрсетілді,ЖОО-да оқыту жүргізілетін мамандықтар, оқуға түсу шарттары мен оқыту нысаны туралы ақпарат жеткізілді.