16.01.2023 ж. 7 сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында Красный Яр ауылындағы №29 өрт сөндіру бекетіне барды. Жүргізуші-қызметкер аға сержант г/з Еслямғалиев Наурыз Жолдасбекұлы, сонымен қатар ПП-29 бөлімінің командирі Қожахметов Серік Амангелдіұлы балаларды өрт сөндіру машинасының құрылғысымен, өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды. Балаларға экскурсия ұнады және көптеген сұрақтар қойылды.