"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітапхана қағидалары

Красный Яр №1 орта мектебінің

кітапханасын пайдаланудың қағидалары

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Кітапхана ҚР-ның орта білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және мектеп дамуының негізгі бағыттарына сәйкес өз жұмысын жүзеге асырады.
  2. Мектептің кітапханасы білім беру және педагогикалық әдебиеттермен, оқу-тәрбие үдерісінің ақпаратымен қамтамасыздандырады.
  3. Оқырмандардың мәдени-ақпаратты қалыптасуына көмек көрсету, сонымен қатар кәсіби біліктілігін көтермелеу мақсатында, білім мен педагогика саласы бойынша ақпаратты педагогикалық ұжымға көмек көрсету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қызметінің дамуына кітапхана қолқабыс етеді.

II. Кітапхананың атқаратын міндеттері

 

  1. Оқырмандардың сұранысына сәйкес кітапхананың және ақпараттық-библиографияның көмегімен өзін-өзі жетілдіру жолында және оқу-тәрбиелік үдерісті қамтамасыздандырып көмек көрсету.
  2. Оқушыларға жүйелік оқылым қажеттілігін, мәдени-ақпараттық қабілетті қалыптастыру.
  3. Оргтехниканы қолдану және кітапхананы автоматтандыру үдерісінде инновациялық ақпараттық техниканы енгізу негізінде, дәстүрлі кітапхананың техникасын жетілдіру және жаңа кітапхананың техникасын игеру керек.

 

III. Кітапхананың атқаратын қызметтері

 

  1. Мектеп кітапханасының негізгі қызметтері:, ақпараттық және мәдени білім беру.
  2. Оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін және мектептің оқу жоспарымен, білім беру бағдарламаларына сәйкес кітапхананың қорын қалыптастыру.
  3. Қойылған талаптарға сәйкес құжатты техникалық және ғылыми жағынан өндеу, кітапхананың қорына есеп жүргізу.
  4. Анықтамалы-библиографиялық апаратты жүргізу және ұйымдастыру: (мақалалардың жүйелік картотекасы, тақырыптық картотека).
  5. Кітапхана қорынан жоғалған, жарамсыз, сирек қолданатын, құрамы бойынша ескірген әдебиеттерді алып тастау.
  6. Кітапхананың  оқу залында және абонементте қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
  7. Жұмыстың жеке, топтық және жаппай түрінің көмегімен кітапхана қорын насихаттау (әңгімелер, көрмелер, библиографиялық шолулар, оқырмандар конференциясы және т.б.)
  8. Оқушыларды кітапхананың тәжірибелік жұмысына, оқырмандардың назарын аудару мақсатында кітапхананың активтерін қалыптастыру.

 

IV. Кітапхана жұмысын ұйымдастыру

 

  1. Кітапхананың ұйымдастырушылық-регламенттік және технологиялық құжаттарын бекітіп, кітапхананы басқарып және оның қызметің қадағалап жүзеге асырып отыратын мектеп директоры.
  2. Мектептің педагогикалық кеңесінің мүшесі болып есептелетің кітапхананың меңгерушісі кітапхана қызметінің қорытындысы мен жұмыстың ұйымдастырылуына жауап береді. Мектептің ішкі тәртібіне сәйкес кітапхананың жұмыс кестісін орнықтырады.
Жаңартылған күні: 20.02.2019 14:33
Құрылған күні: 22.02.2019 12:23

Текст