27.04.2021 жылы мектеп психологы Кереева Ш.К. 4 «А» сынып оқушыларымен «Біз 5- сыныпқа көшеміз» тақырыбына тренинг элементтерін қолдана отырып сабақ өткізді. Мақсаты : Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі жаңа өзгерістер күтіп тұрғаны туралы мағлұмат беру. Сабақ барысында оқушылар бесінші сыныптағы қандай жаңа өзгерістер күтіп тұрғаны туралы өз пікірлерімен бөлісті.