2008 жылдан бастап жыл сайын 2 сәуірде Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күні аталады. Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 18 желтоқсандағы №А/RES/62/139 резолюциясымен бекітілген. Бұл күннің мақсаты - Аутизм бар адамдарға көмектесу және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту қажеттілігін көрсету. 2022ж. сәірдің 1 күні мектебімізде 2 Сәуір Дүниежүзілік Аутизм туралы ақпараттандыру күніне орай педагог - психологтар Сейпетденова К.М мен Кереева Ш.К 9 - 11 сынып оқушылары арасында "Каждый 88" - атты көркем фильмды назарларына ұсынды.