2022 жылдың 16 ақпанында 9Ә сыныппен бес кезеңнен тұратын «Қызық екен химия» атты интеллектуалды ойын сабағы өтті.

 І кезең «Бәйге»-әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы қатысушылардың білімін,ынтасын, зейінін игереміз.ІІ кезең «Қызық екен»-бұл кезеңде берілген тапсырмалардың жауабын табу үшін «қара жәшікте» не жасырылғанын анықтайды. ІІІ кезең «Полиглот»- берілген жұмбақ немесе мақал-мәтелдер құрастыру бойынша қатысушылар жасырылған сөзді қазақ,орыс және латын тілдерінде жауап берді.ІV кезең «Төрт сурет бір сөз»-бұл айналымда 4 суреттің бірінде химияға қатысты жасырылған сөз табады.V кезең «Білімінді сынап көр» берілген тақырыптар бойынша таңдау жасайды:биология және медицина,ұлы тұлғалар,қилы сұрақтар,т.б.Қатысушыларға үш тақырып беріледі,олардың әрқайсысында жасырын сұрақтар бар.Оқушылар қарапайым сұрақтардан күрделі сұрақтарға көшу арқылы өз білімдерін көрсете білді.