«Көкше» Мәдениет үйі кітапханасында «Салауатты өмір салты» тақырыбында сұрақ-жауап іс- шарасы өтті. Іс-шараға # 1 Красный яр орта мектебінің 9 «Ә» мен 9 «Б» сынып оқушылары қатысты. Әңгімелесу барысында алкоголь, темекі, энергетикалық сусындардың кері әсері туралы айтылды. Шара соңында оқушылар викторинаға қатысты. Сұхбатты Еламанова Сапия Дәуренбекқызы жүргізді