12 сәуір күні, бастауыш сынып апталығының жоспары бойынша, 4 "Ә" сыныпта, математика пәні мен ағылшын тілінен кіріктірілген сабақ өтті. Сабақ өте қызықты, алынған тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сай алынды. Жұмыс барысында оқушылар екі сабақтан да өз білімдерін көрсете алды. Сабаққа мұғалімдермен қатар, ата-аналар да қатысты. Рефлексия кезінде оқушылар өз зымырандарын "Зымыран" макетіне жапсырып, ғарышқа ұшып, сабақ қорытылып, жақсы тілектер айтылды. Сынып жетекшісі :Жакиенова А. Т., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Темирханова А. Т