Құрметті әріптестер мен ата-аналар! Қымбатты оқушылар!
Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1 желтоқсанда жалпы ұлттық сайлау нәтижесі бойынша еліміздің Тұңғыш Президенті сайланып, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел тізгінін ұстаған болатын. Тұңғыш Президенттің бастамаларының арқасында еліміз көп биікті бағындырды. Мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.
Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Ізгі тілекпен Мугжанова Алтынай Даулетовна