"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептегі экобілім мен тәрбие

20.08.2020

 

Көбейтұз көлінің ластануына және Каспий теңізіндегі итбалықтарды ұруға байланысты қоғамдық резонанс туғызған оқиғалар экологиялық мәдениет пен экологиялық тәрбиенің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Бұл бағытта түрлі институттар жұмыс атқаруы тиіс, дегенмен білім беру мекемелерінің рөлі мен орны ерекше.

Балаларға ерте жастан бастап табиғатты аялауды, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, ресурстарды ұтымды пайдалануды үйрету аса маңызды.

Экологиялық тәрбие жауапкершілік, адамгершілік және ізгілік деген ұғымдарды да қамтиды.

Мемлекет басшысы мектептерде экологиялық білімді енгізуді тапсырғаннан кейін, біз әріптестерімізбен және сарапшылармен қолданыстағы оқу бағдарламаларына талдау жасап, бірнеше шешім дайындадық. Олардың басым бөлігі биыл іске асырылады.

Жалпы, білім беру ұйымдарында құндылыққа бағытталған оқыту мен тәрбиелеу – біз үшін маңызды. Бұл туралы келесі жазбаларда толығырақ айтамын, әзірше экобілімге қысқаша тоқталып өтейін.

1. Экобілім түп негізден басталуы керек. Сондықтан жаңа оқу жылында барлық мектепте экология тақырыбы бойынша арнайы сынып сағаттары өткізіледі. Қазір педагогтеріміз бен сарапшылар барлық сыныптарға арналған бағдарламаларды даярлау жұмыстарын пысықтап жатыр. Бұдан бөлек экологияға қатысты тақырыптарды мектепте оқытылатын пәндердің мазмұнына енгізу мәселесі қарастырылуда. Арнайы пән мәселесі бойынша да әдістемелік жұмыс жүргізілуде.

2. Балалар ғана емес, олардың ата-аналары да экологиялық сауатты болуы керек. Олар өз балаларына табиғатты қорғауда, оны ластамауда ісімен, іс-әрекеттерімен үлгі бола білуі қажет. Бұл жұмысты жүргізудің маңызы - зор.

3. Балалар үшін байқауға қатысуға дайындық кезінде жаңа ақпаратты зерделеу, оны тұрмыста пайдаланып, нәтижесін көру өте қызықты. Сондықтан "Дарын" орталығы базасында экологиялық бағыт бойынша ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі. Эко-квестер, шеберлік сағаттары, театр қойылымдарын дайындау, қайта өңделетін шикізатты пайдалана отырып, экоматериалдан бұйымдар дайындау және т.б. жұмыстар ұйымдастырылатын болады. Олар балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, шағын зерттеу жұмыстарынан басталып, ғылыми жобаларға ұласатын болады.

https://www.instagram.com/p/CEDdb4zh3J3/?utm_source=ig_web_copy_link

 

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст