"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналардың назарына!

15.07.2020
 
Ата-аналардың назарына!

    Көкшетау қаласының білім  бөлімі ҚР Білім және ғылым Министрінің 2002 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығымен білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгі қағидаларына өзгерістер енгізілді деп хабарлайды.

    Осы Қағидада бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына түсетін баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау мерзімі өзгерді, енді қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүргізіледі.

    Жалпы білім беретін мектептерге алты жасқа толған балалар және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар бірінші сыныпқа бара алады, өйткені күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа жетеді және мектепке қабылдануға құқылы. 

    Жалпы білім беретін мектептерге дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар қабылданады. 

    Құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету egov.kz. веб-порталында электрондық форматта жүзеге асырылады. Өтініш 1 жұмыс күнінде қаралады.

    Құжаттарды қабылдау мектептің қызмет көрсету аумағынан бірінші 3 өтініш берушіге, одан кейін басқа шағын учаскеден бір өтініш берушіге  (3:1 принципі бойынша) жүргізіледі.  

    Медициналық анықтамаларды (026-у, 063-у) алу кезіндегі қиындықтарға байланысты құжаттарды тапсыру кезінде оларды уақытша ұсынбауға рұқсат етіледі. 

Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін алуға қарай ұсынуға болады.
Мектепке қабылдау бойынша қызмет көрсетуден бас тарту бірнеше жағдайда болуы мүмкін:

құжаттардың немесе ондағы мәліметтердің анық еместігін анықтау;

ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкес келмеуі;

сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы.
Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст