«Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану» тақырыбы бойынша қалалық семинар
2017 жылдың 26 қаңтар күні №1 Красный Яр орта мектебінде «Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану» тақырыбы бойынша қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты:Заманауи әдістерді пайдалану арқылы тұлғаның дамуына ықпал ету.
Семинарға қала мектептерінің отызға жуық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар барысында бірінші санатты мұғалімдер мен деңгейлік базалық курсты өткен ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімдері Фазульжанова Ж.М., Мукашова Ж.У., Казжанова Ж.Т., Туребекова Г.Е. өз сабақтарында мұғалімнің
шеберлігімен қатар жаңа заманауи тұрғыдағы сабақ үлгілерін көрсетті. Сапиева А.К., Маней Алима өздерінің күнделікте сабақтарында жүйелі түрде қолданылып жүрген бағалау жүйесін қолдануды көрсетті. Барлық сабақтарға қойылған мақсаттар жүзеге асырылып, жоғары деңгейде өтті.
Семинарға келген қала мектептерінің мұғалімдері семинар бойынша өз пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді.