"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ  ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН  МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  № 1 СЕЛА КРАСНЫЙ ЯР  ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ  КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

kssh__1

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017 жылдың қаңтар айының 23 – 28 аралығында Красный Яр №1 орта мектебінде биология, география және химия пәндерінен апталық өтті.

02.02.2017

2017 жылдың  қаңтар айының 23 – 28 аралығында Красный Яр №1 орта мектебінде биология, география және химия пәндерінен апталық өтті.

Мақсаты: География, биология және химия пәндеріне деген қызығушылықтарын және дүниетанымдарын дамыту, экологиялық

мәдениеттілікке тәрбиелеу.

  Апталықта келесі іс – шаралар өткізілді:

  23.01.17  Биология, география және химия пәндерінің мұғалімдері Мукашева А.Б., Хайдарова Г.М., Лаврик С.Н., Оспанова А.С.,

Сайдахметова Б.Т., Жирнов Л.Н., Зейнуллина Г.Е. «Экология – біздің ортақ үйіміз» атты тақырыбында ашылу салтанатын өткізді. Сынып оқушылары экологиялық көрініс көрсетті.

 

  Химия пәнінің мұғалімі Жирнова Л.Н. 9 Б сыныбымен «Алюминий и его соединения» атты тақырыбында презентациялық сабақ өткізді. Сабақта оқушылра белсене қатысып, өз білімдерін көрсете алды.

            

 

Зейнуллина Гульнара Есламбековна химия пәнінен 8А сынып оқушыларымен «XXI ғасыр көшбасшысы» атты тақырыбында ойын сабақ өткізді. Сабақ қызықты да, әсерлі өтті. Оқушылар белсене қатысып, өздерін жақсы жақтарынан көрсете білді.

 

       

География пәнінің мұғалімі Оспанова А.С. 8 «Ә» сыныбында «Ішкі сулар» тақырыбында қайталау сабағын өткізді. Сабақ оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында «Ыстық орындық» стратегиясына  байланысты үй жұмысы тексерілді. Оқушылар топпен, ұжымдасып, ұйымшылдықпен  бірлесе жұмыс істеді. Сабақ барысында презентациялар, көрнекіліктер, карталар, әр түрлі тапсырмалар қолданылды.

 

 

Биология пәнінің мұғалімі Мукашева А.Б.  10 - 11 сыныптарымен «Биология әлемінде» сайыс сабағын өткізді. Ойын сабағында 11А сыныбы жеңіске жетті. Сабақ қызықты, әсерлі өтті. Оқушылар алған білімдерін көрсете білді.

 

   

  Биология пәнінің мұғалімі Хайдарова Г.М. 8 «Б» сыныбында «Работа сердца» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, қызыға жұмыс жасады.

 

    География пәнінің мұғалімі Лаврик С.Н. 10 – 11 сыныптар арасында «В мире ественных наук» атты интеллектуалдық ойын өтті. Ойында 11 «А» сынып жеңіске жетті. Оқушылар география пәнінен өз білімдерін бұл сайыста жақсы көрсете білді.

 

   

Биология пәні мұғалімі Сайдахметова Б.Т. 7 «Б» сыныбында «Қызыл Кітапқа енген бунақденелілер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта тапсырмалар орындалып, видео көрсетіліп, презентация қойылып, сұрақтарға жауап арқылы өткен сабақтарды меңгерді. Мұғалім алдына қойған мақсатына жетті.

      

 

5-11 сыныптар арасында апта бойы қабырға газеті сайысы өтті. Бұл сайыста I орын -6 Б сынып, II орын – 8 В сынып, III орынға- 7А сынып ие болды.

   

   

Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Белсене қатысқан сыныптар мен оқушылар арнайы грамоталармен марапатталды.

 

 

 

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст